100 мың алып, 6 миллион берді

0
472
6
 ТЖК бұрынғы қызметкері кәсіпкерден пара алғаны үшін жазаланды. Бұл туралы Алматы қалалық сотының баспасөз қызметі хабарлайды. Алмалы аудандық ТЖК-нің бас маманы өз қызметінің шеңберінде «Донерүй 24 сағат» кафесінде газ баллондарды қолданғаны бойынша тексеру жүргізуі қажет болған. Ол өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартпау және болашақта оған қамқорлық көрсету үшін жеке кәсіпкерден пара алуға бел буған. Алматы қаласы Жетісу ауданының №2 аудандық соты М.Бакеловты ҚР ҚК-нің 366-бабының 2 бөлігімен (пара алу) кінәлі деп танып, мүлкі тәркіленіп, белгілі бір лауазымдарды атқару, белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан өмір бойы айыра отырып, параның 60 еселенген сомасы мөлшерінде айыппұл салуға жазаланды. Ол өртке қарсы қызмет подполковнигі атағынан айырылды. Үкім заңды күшіне енгеннен кейін оған айыппұл төлеу үшін 1 ай мерзім берілді. Тағайындалған айыппұлды төлеуден жалтарған жағдайда жазасы ҚК-нің 366-бабының 2-бөлігінің санкциясы шегінде бас бостандығынан айыруға ауыстырылады. Басты сот талқылауында Бакелов кінәсын толығымен мойындап, шын жүректен өкінді. Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Источник: http://24.kz/kz/zhanalyktar2/o-i-a/item/57600-n-berdi100 мың алып, 6 миллион берді

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз