Қытайда ұзындығы 6000 метрден асатын батпырауық Гиннес рекордтар кітабына енді. Чунцин қаласының тұрғындары салмағы 200 келідей болатын алты мың метлік конструкцияны өздері құрап шыққан. Осылайша жылда өтетін батпырауық фестиваліне ерекше дайындалған. «Аждаһа» батпырауықтың басының ұзындығы ғана 30 метр болды. Ал оның денесі 2000 бөліктен тұрады, жапырақшаларға Қытай арманы жазылған. Мұндай ірі батпырауықты ұшыру үшін 6-8 сағат уақыт кеткен. Мереке ертең де жалғасады. Әлемдегі ең ұзын батпырауықты ұшыруға 13 команда, соның ішінде Қытай, Ұлыбритания, Канада, Жаңа Зеландия құрамалары қатысады.
Источник: http://24.kz/kz/zhanalyktar2/lemde/item/57593-endi