ҚР СІМ Йемендегі Қазақстан азаматтары бойынша түсініктеме берді

0
507
1
4 сәуірде Йемен уақыты бойынша шамамен сағат 14:00-де ҚР Омандағы елшілігінің қолдауымен Қазақстан Республикасының 5 азаматы Ресей ТЖМ ұшағымен Йемен жерінен шығарылған болатын.
Олар: Оспанов Дастан есімді азамат жұбайы және баласымен, сондай-ақ Ақжанова Ильмира нәресте баласымен.
Йеменде тұрақты өмір сүретін тағы бір Қазақстан азаматы Саханова Гүлмираның Санада қалғаны туралы хабар Қазақстанның Масқаттағы елшілігіне 4 сәуір күні кешкі уақытта келіп түсті.
Азаматшаның туысқандарынан алынған байланыс телефон нөмірлері арқылы ҚР Омандағы елшілігі Г.Сахановамен хабарласып, оның елден эвакуациясы Ресей тарапымен ертеңге келісілді.
Қазіргі уақытта азаматшамызға қауіп төніп тұрған жоқ. Қазақстанның Омандағы елшілігі мен ҚР Сыртқы істер министрлігі аталған мәселені қатаң қадағалауда.
Бұл туралы ҚР СІМ баспасөз қызметі мәлімдеді.Источник: http://24.kz/kz/zhanalyktar2/basty-zha-aly-tar/item/57489-ha-t-sinikteme-berdi

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз