Мына суретте бейнеленген Мэрилин Монро ма әлде Эйнштейн бе?

0
603
2
Бір қарағанда барлығымыз да Альберт Эйнштейн деп жауап беретініміз түсінікті, бірақ Монро деушілер де табылады.
Себебі егер осы қалыпты тұрған жағдайда суреттен Мэрилин Монроның бейнесін көрген болсаңыз, онда сіз дереу көз дәрігеріне қаралуыңыз керек.
Бұл оптикалық алдау түрін осыдан біраз бұрын Массачусетс технологиялық институтының неврологтары ойлап тауыпты.
2
Доктор Од Олива бастаған топ осындай қосарланған бейне беретін иллюзиялы суреттерді шығару үшін он жылдан астам уақыт жұмсаған, деп хабарлайды epochtimes.ru. Ол бойынша суретті жақыннан көрген кезде ондағы майда сызықтардың бәрін көірп, кімнің бейнесі екендігін дөп басып айтамыз. Бірақ суреттен неғұрлым ақырындап алыстай берсек, соғұрлым ол өзгеріп, тіпті басқа адамның бейнесі болып шығуы мүмкін. Оливаның айтуынша, мұндай арнайы жасап шығарылған суреттің көмегімен адам көзінің сау немесе ауыратынын тез және оңай анықтай алады. Ал мұның бәрі мидың сурет бөлшектерін қабылдауына байланысты болып шықты. Көзі сау адамның миы неғұрлым майда бөліктерді де қабылдап, бейнені дұрыс тануға мүмкіндік береді. Дайындаған: Г.Абилова

Источник: http://24.kz/kz/zhanalyktar2/lemde/item/57677-myna-surette-bejnelengen-merilin-monro

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз