Ресейлік киногерлер Нұрсұлтан Назарбаевтың отбасылық суретін пайдаланды

0
523

Ресейде түсірілген “Одинокие сердца” фильмінде президент Нұрсұлтан Назарбаевтың отбасылық суреті пайдаланылды. Алайда, фильмді түсірушілер аталған суретті өзгертіп, аула сыпырушы тәжік азаматының отбасы ретінде көрсеткен.

Photo: Ресейлік киногерлер Нұрсұлтан Назарбаевтың отбасылық суретін пайдаланды
Photo: Ресейлік киногерлер Нұрсұлтан Назарбаевтың отбасылық суретін пайдаланды
Бұл туралы Otyrar.kz хабарлайды.

Еуразия бірінші арнасынан көрсетілген фильмде  бұзақылардан таяқ жеген тәжік жігіті мен басты кейіпкер тігінші қыз әңгіме-дүкен құрады.

Тәжік жігіт қойын қалтасына салып жүрген суретті суырып алып, қызға “Міне, менің отбасым. Туыстарым… біз үлкен отбасы боламыз…” деп суреттегі туыстарын көрсете бастайды.

Бір қызығы, тәжік жігітінің отбасы көрсетілетін фотосуретке Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың отбасылық суреті пайдаланылған.

Фильмді түсірушілер Нұрсұлтан Назарбаевтың орнына тәжік ақсақалының суретін жапсыра салған.

“Елге танымал тұлғалардың бейнесін көрсетіп кинодағы кейіпкер, аула сыпырушы жігіт “Мынау — пәленше, мынау — түгенше…” деп, туыстарын “таныстырып” тұр”, – деп жазады сайт.

Сайттардағы дерекке сүйенсек, фильм 2013 жылы түсіріліпті. Режиссері — Сергей Комаров, УПС кинокомпаниясы түсірген-мыс.

Ирина Пегова, Андрей Чернышов, Юлия Такшина, Владимир Симонов сынды ресейлік танымал әртістер ойнайды. Сценарийін Аркадий Инин жазған.

“Ресейлік киногерлердің көздегені не болғанын білмеймін, бірақ, бір мемлекеттің басшысын танымауы, көрші ел президентінің отбасын “тәжік” отбасы етуі миға симайтын жәйт. Сауатсыздықтары былай тұрсын, надандықтың белгісі дерсің?!”, – деп жазады мақала авторы.

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз