Миеко Нагаока Жер бетінде ең бірінші болып, 100 жастағылар арасында мың жарым метрге жүзуден рекорд орнатты.
Эхиме префектурасының бассейнінде еркін стильмен жүзген ол бұл аралықты 1 сағат 16 минут ішінде жүзіп өткен. Енді спортшының бұл жетістігі Гиннестің рекордтар кітабына енгізілмек. Ал кейуана болса, 105 жасқа дейін жүзгісі келетіндігін айтыпты, деп жазды Kyodo News. Жалпы бұл сайыс Жапониядағы Сикоку аралының Эхиме префектурасында өткен.
Дайындаған: Г.АбиловаИсточник: http://24.kz/kz/zhanalyktar2/lemde/item/57724-zh-z-zhasta-y-kejuana-1500-metrge