Келешекте ҚХР Қазақстанның өнеркәсіп саясатына араласуы мүмкіндігін жоққа шығаруға болмайды, делінген “Мегаполис” басылымында жарияланған мақалада.
![]() |
Мақалада айтылғандай, былтыр қытайлықтар Қазақстанда шыны, цемент пен ауыл шаруашылығы өнімдерін шығаратын зауыт салуға дайындығын мәлім етті. Ал жақында ғана кәсіпкерлердің “Атамекен” ұлттық палатасының президиум төрағасы Тимур Құлыбаев Қытай Қазақстан аумағында индустриалдық 44 жобаны қаржыландыруға дайын екендігін мәлім етті.
“Бұл жерде тұрған не бар екен деуге де болады. Жаңа кәсіпорындар мен технологиялар жаңа жұмыс орындары пайда болады. Бұл ретте еуропалық экономист, AB Marches компаниясының президенті Антуан Брюне Қытай қандай да елдің физикалық активтерінің басым бөлігін сатып алып, оны келешегінен айырып, құлдырауға итермелейді деп есептейді”, – делінген мақалада.
“Қазір Қытай әлсіреген Венесуэла, Никарагуа, Куба, Аргентина, Греция сияқты мемлекеттердің маңайын айналшықтап жүр. Олар құлар құзда тұр, қарыздары белшесінен асқан, активтерсіз қалды. Сондықтан олар өздерінің тәуелсіздіктерінен бас тартып, қандай да ұлы державаларға – Қытай, Ресей мен АҚШ-қа бас июі ғана қалды. Бірақ Қытайдың қалтасы кең болуы себепті, ол елдерді Қытай өзінің геосаяси орбитасына тартып алуы да оңай болады”, – дейді сарапшы.
Брюне сондай-ақ, итальяндық бұрынғы премьер Романо Продидің Бейжің қазір Италияның өнеркәсіптік саясатын айқындап отыр деп айтқан сөзін келтіріпті.
Қазақстанда соңғы үш жылда 10-шақты қазақстан-қытайлық жобалар іске асырылды. Онда логикалық орталықтар, газ құбырлары, көмір өңдеу де бар. Келешекте Қытай біздің өнеркәсіптік саясатымызға араласу мүмкіндігін де теріске шығаруға болмайды
“Қытайлықтар Тулуздағы әуежайды, Тирейдегі портты, Бордо жүзім бақтарын және Volvo автоөнеркәсібін сатып алды. Олардың қолында шина шығаратын Pirelli кәсіпорынның 26%-ы мен Берлиндегі 18 ғимарттан тұратын кешен бар. Қазақстанда соңғы үш жылда 10-шақты қазақстан-қытайлық жобалар іске асырылды. Онда логикалық орталықтар, газ құбырлары, көмір өңдеу де бар. Келешекте Қытай біздің өнеркәсіптік саясатымызға араласу мүмкіндігін де теріске шығаруға болмайды”, – делінген мақалада.
Басқа жағынан қытайлық өндірістің кірістері мұнай бағасын арзандауынан жұтап қалған бюджетті толтырар еді. Бірақ қайсысы маңызды екенін айту қиын: мызғымас тәуелсіздігіміз бе, әлде қазынаның ақшаға толғаны ма? Басылым мәліметтерінше, қазақстан-қытайлық БК құру туралы алғашқы келісім 1997 жылы 4 сәуірде жасалыпты. Онда “АқтөбеМұнайГаз” АҚ акцияларының 60%-ын қытайлық CNPC (China National Petroleum Corporation) сатып алғанды.
Бүгінгі Қазақстанда Қытаймен бірге ашылған мыңнан астам БК жұмыс атқаруда, олардың басым бөлігі мұнайгаз саласында.
Олар ең алдымен, CNPC, Sinopec (Қытайлық мұнайхимия корпорациясы), CNOOC (Қытайлық ұлттық оффшорлық мұнай корпорациясы) кәсіпорындарымен бірлескен кәсіпорындар.
“АқтөбеМұнайГаз CNPC”, “Солтүстік Бозашы оперейтинг”, “CNPC Айдан-мұнай”, “Петроқазақстан” сынды кәсіпорындардың үлестері қытайлықтарға тиесілі. Қытай Маңғыстау, Ақтөбе және Қызылорда облыстарындағы мұнай шығаратын кеніштерге ие. Қазақстан-қытайлық мұнай құбыры мен газ құбырын салу және оларға қызмет көрсету үшін “Қазақстан-қытайлық құбыр” БК, “Қазақстан-қытайлық мұнай құбыры” мен “Қазақстан-қытайлық “Ұлы қабырға” бұрғылау компаниясы” құрылды. Қытайлық Sinooil компаниясының да қазақстандық мұнай өнімдерін сату нарығында өз үлесі бар. Одан басқа, қытайлық инвестициялық CITIC Group компаниясы Қаражамбасмұнай кенішіне ие.
Электрэнергетикасы саласында қытайлық капиталдың қатысуымен “Шарын өзеніндегі Мойнақ ГЭС-і” жобасы іске асырылды. Атом саласында “Семізбай-U” бірлескен ЖШС құрылды. Былтыр “Ляньюньган қаласындағы қытай-қазақстандық халықаралық логистикалық компания” АҚБ құрылды. Ондағы қатысу үлесі “ҚТЖ” ҰК” АҚ үлесі 49%, ал 51% “Порт Ляньюньган компаниялар тобына” тиесілі. ҚМГ “еншілесі” мен қытайлық “Цинхуа” корпорациясы былтыр көмір өңдейтін бірлескен жобаны іске асыру туралы уағдаласты.
Дереккөз: КазТАГ
http://www.nur.kz/362979.html