Қарт жауынгерлерге мерейтойлық медальдар табысталды

0
557
5
Қарағанды облысының екі ардагеріне туған күндерінде Жеңістің 70 жылдығына арналған мерейтойлық медальдар табысталды.
Николай Волдырев биыл 88 жаста. Әскер қатарына 17 жасында шақырылыпты. Забайкал, Қиыр Шығыстағы шайқастарға қатысқан. Соғыстан кейінгі жылдары ішкі саясат басқармасында қызмет етті. Ал Бүркіт Есжанов биыл 92-де. 1942 жылы әскер қатарына шақырылып, Батыс, Балтық және екінші Забайкал майдандарында минометші, ұшақ механигі болған. Соғыстан кейінгі жылдары шахталарда қызмет етті. Екі ардагер де жауынгерлік ерліктері үшін бірнеше рет марапатталған. Ал бүгінгі мерейтойлық медаль қарт жауынгерлерге туған күндеріндегі ерекше сый болды.
Бүркіт Есжанов соғыс ардагері:
– Ұлы Отан соғысының аяқталғанына 70 жыл. Қазір енді соғыс біткеннен кейін жастар тек қана сол соғыстың жемісін жақсы ұстау керек, оларды бағалау керек, біздің қанша солдат басын осы бостандық үшін қиды, соны бағалау керек.Источник: http://24.kz/kz/zhanalyktar2/o-am/item/57703-tabystaldy

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз