Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының мүшесі Арман Қани Павлодар қаласын “Нұр қала” деп өзгертуге ұсыныс жасады.
![]() |
Павлодар
|
Бұл туралы Abai.kz-ке сілтеме жасап “NUR.KZ” хабарлады.
Автор бұл ұсынысы елбасыға жетеді деген үмітпен Abai.kz порталында мақала жариялапты.
Өлеңінде ақын президентімізден қалаға өз атын беруді және осылайша елімізге еш пайдасы тимеген Павел Романовтың атынан құтқаруды сұрайды.
“Тілекті қабыл қылардай бірден Жасаған,
Шаттықтан басым айналып, көзге жас алам.
“Нұрқала” болсын атауы осы шаһардың,
Нұрағам егер құтқарса бізді Пашадан!..”, – делінген ақынның өлең жолдарында.
Қанидың айтуынша, тұрғындар Павел Романовтың 155 жылдығын тойлатамыз деп шулағаны оны бұл ұсынысты жасауға итермелеген.
“Патшашыл топтың кейінгі осындай іс-әрекеттері жергілікті қазақ зиялылары мен қоғам белсенділерін Павлодар атауын өзгерту жөнінде қайтадан мәселе көтеруге итермелеп отыр. Олар “Отаршыл заманды еске салып, халықтың намысына тиетін атауды” ауыстыру жөнінде тікелей елбасының атына өтініш білдірмекші. Ал облыс әкімі Қанат Бозымбаев облыс ақыны Арман Қанидың әлеуметтік желі арқылы өзіне білдірген өтініш-тілегіне жауап қайтарған жоқ, демек өзге қазақ зиялыларына пысқырып та қарамас деген пікірдемін. Дегенмен Ақ ордадағы ақ жағалы мырзалар қараша халықтың қақ ортасында жүрген менің мына өлеңім жөнінде елбасын құлағдар ететін шығар деген ойдамын”, – делінген жарияланымда.
Қазақстанның солтүстік-шыңысындағы облыс орталағының атауы Ресей князі, II Александр императорының алтыншы ұлы Павел Александрович Романовтың (1860-1919) құрметіне қойылған.
Жұртшылық бұған дейін қаланың атын өзгерту керек деген мәселені талай көтерген болатын. Оның орнына Кереку, Нұршаһар атаулары ұсынылып келді.
Сонымен қатар белсенділер осыдан үш жыл бұрын Өскемен атауын да Нұркент де өзгертуді ұсынған болатын.
Дереккөз: NUR.KZ