Ирактың Тикрит қаласы маңынан адамдар жаппай жерленген 12 орын табылды.
Ирактың Денсаулық сақтау министрлігі жерленгендердің денесі әскерге шақырылған жас жігіттерге тиесілі деген мәлімет таратты. Оларды «Ислам мемлекеті» радикалды ұйымының лаңкестері 10 ай бұрын Тикриттегі әскери базадан ұрлап әкеткен. Сол кезде 1600 әскер жоғалған болатын. Өйткені бұл қала ұзақ уақыт бойы сол ұйымның бақылауында болды. Қазір жергілікті үкімет әскери лаңкестерді бұл аймақтан ығыстырып, Мосул қаласын да азат ету үшін әскери операциялар жүргізіп жатыр.
Әли, тірі қалған сарбаз:
– Бізді ұрлағаннан кейін осы жерге әкеліп, қол-аяғымызды байлап тастады. Кезекпен бәрін атып өлтірді. Маған атқанда оқ тимей, өлгендей болып өтірік сұлап жаттым. Екі жағымдағы әріптестерім сол жатқан жерлерінде көз жұмды.
Источник: http://24.kz/kz/zhanalyktar2/lemde/item/57808-tabyldy