Қазақстандық жас режиссер Ресейдегі конкурста бас жүлде жеңіп алды

0
438

rejissor

Конкурсқа «Театр режиссурасы» мамандығының студенттері ғана қатыса алады. Олар 15-20 минутта «Сахна қақтығысы» тақырыбында өздері жасаған жұмыстарын таныстыруы керек болған.

24 жастағы Фархат Молдағали – Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық өнер академиясы театр факультетінің  «Актерлік шеберлік және режиссерлік» кафедрасының төртінші курс студенті. Оның көркемдік жетекшісі Маман Байсеркеұлы. Фархат РТӨУ жүлдесін «Режиссерлік ойлаудағы энергия, темперамент және құмарлық» тақырыбындағы жұмысы үшін жеңіп алды.

Ол қазыларға Оралхан Бөкейдің «Өз отыңды өшірме», Уильям Шекспирдің «Ричард ІІІ»  қойылымдарын көрсетті. Басты рөлдерде де академия студенттері Мадияр Төлегенов, Әлиасқар Үмбетов, Әсем Әбенова, Жасқайрат Валиуллаев пен Дәуір Анарбай ойнады.

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз