Денис Тен: «Қазы – қазақтың бренді»

0
35

Астана. 7 сәуір. Baq.kz – Бүгін Астанада мәнерлеп сырғанаудан Сочи Олимпиадасының қола жүлдегері Денис Тен баспасөз мәжілісін өткізді. Журналистердің сауалдарына тыңғылықты жауап берген спортшы қазақтың ұлттық тағамы етті де жақсы көретінін айтты.

– Мен етті бұрыннан жақсы көремін. Ұлттық тағамызды құрметтеймін, бағалаймын. Бірақ өкінішке қарай, АҚШ-қа барған кезде ет жеуді уақытша доғаруға тура келген кездер болды. Спортшыға артық салмақтың әсері бар екенін білесіздер. Дегенмен кейінгі уақытта қайтадан бұрынғы қалпыма келдім. Қазіргі кезде етті жеп тұрамын. Әсіресе, қазы-қартаны ұнатамын. Жалпы, «қазы – қазақтың бренді» Сондықтан әлемге ұялмау көрсетуге болады, – дейді Олимпиада ойындарының қола жүлдегері.

Сондай-ақ спортшы «Денис Тен және оның достары» атты шоуды тағы да өткізгісі келетінін айтты.

– Шоу туралы айтатын болсақ. Қазіргі кезде әкімшілік жұмыстар жүріп жатыр. Ұйымдастыру жағы талқылануда. Барлығы сәтті аяқталады деп ойлаймын. Бұл шоуға қызығушылық білдіріп жатқандар көп. Идея бар. Халықаралық режиссерлерден ұсыныс түсуде. Тіпті, маған телевизиялық нұсқасын сатып алғысын келгісі компания хабарласты, – дейді Д. Тен.

Айта кетейік, Сочи Олимпиадасының қола жүлдегері былтырғы жылы Алматы мен Астанада осындау шоу ұйымдастырған еді.
Денис Тен одан бөлек қазақ тілін үйренгісіні келетінін де айта кетті.
Бек Төлеуов

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз