АҚШ президентінің резиденциясы аяқ астынан жарықсыз қалды

0
552
2
Вашингтонда бірқатар мемлекеттік ғимарат кенеттен жарықсыз қалды.
Рейтер агенттігінің хабарлауынша, мұнда Ақ үй, Капитолий, Әділет министрлігі мен Мемлекеттік департамент ғимараттары апат салдарынан тас түнекке оранды.
Бірнеше минутқа созылған қараңғылыққа осы ғимараттарды жарықпен қамтитын Мэриленд штатының электр станциясындағы жарылыс себеп болған. Соңғы ақпаратқа сәйкес, билік өкілдері әзірге мұны лаңкестік әрекет ретінде қарастырып отырған жоқ.
Жарық таратушы Pepco компаниясы апат себебін анықтау үшін тергеу жүргізуде.
Дайындаған: Г.Абилова

Источник: http://24.kz/kz/zhanalyktar2/lemde/item/57930-a-sh-prezidentini-rezidentsiyasy

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз