Бүгін Қазақстанның мақтанышы, бокстан WBA/IBF/WBC нұсқалары бойынша орта салмақта әлем чемпионы Геннадий Головкин туған күнін атап өтуде.
Осыған орай, ғаламтор кеңістігінде спортшы мен оның бауыры Максимді құттықтауға арналған шара ұйымдастырылды.
«Бүгін және америка уақыты бойынша ертең Геннадий мен Максим Головкиндерді құттықтайтын боламыз. Атақты боксшы мен оның бауырына жылы лебіздерін білдірем деушілер #WishGGG хештегін белгілеп, ВКонтакте, Instagram және Facebook сынды әлеуметтік желілерінде құттықтауларын жолдай алады. Бұл – байқау емес, Головкиндерді құттықтауға бағытталған ізгі шара», – делінген ВКонтакте әлеуметтік желісіндегі Геннадий GGG Головкиннің ресми парақшасында.
Дайындаған: А.Жетпісбаева
Источник: http://24.kz/kz/zhanalyktar2/sport/item/57918-k-nimen-tty-tauda