Аялдамада ер адамды соққыға жыққан жасөспірімдердің ісі сотқа жіберілді

0
449

Аялдамада ер адамды соққыға жыққандардың ісі сотқа жіберілді. Аялдамада отырған ер азаматты соққының астына алған жасөспірімдер екі жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін деп хабарлайды 7 арна.

Суд

Ішкі істер департаменті баспасөз хатшысының айтуынша, қазір бұл іс сотқа жіберілген. Еске сала кетсек, ғаламторда жарияланған бұл жағдай жұрттың жағасын ұстатқан еді.

Елордадағы аялдамалардың бірінде отырған әкесіндей адамды бірнеше жасөспірім тепкінің астына алып, ол аздай бұл оғаш қылықтарын видеоға түсірген болатын.

Күші бойына сыймаған тентектердің ісі толығымен тергеліп бітіпті. Әзірге алғашқы отырыстың қашан өтетіні белгісіз.

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз