Панама билігі жалпы құны бірнеше миллион долларға бағаланған 13 тонна есірткіні өртеді.
Құқық қорғау органдары осыншама заңсыз тауарды ел аумағында бірқатар операция өткізу барысында қолға түсірген. Жалпы Панама Мексика мен Оңтүстік Америка елдерінен АҚШ-қа тасымалданатын есірткі заттары үшін аймақтық дәліз ретінде пайдаланылады. Билік өкілдерінің мәлімдеуінше, тонналаған кокаин, марихуана мен героиннің дені жылдың басыннан бастап Панамаға Оңтүстік Америка елдерінен тасымалданған.
Источник: http://24.kz/kz/zhanalyktar2/lemde/item/57931-i-zhojyldy