Астанада техникалық кәсіптерге маманданып жатқан студенттер арасында ұлттық чемпионат басталды.
«WorldSkills Kazakhstan» додасына еліміздің әр өңірінен келген 70-тен астам үздік қатысып жатыр. Байрақты бәсекеде құрылыс саласы, дәнекерлеу, шаштараз, ақпараттық технологиялар, кірпіш қалау және мейрамхана ісінің болашақ мамандары шеберліктерін ортаға салмақ. Екі кезеңнен тұратын жарыста теориялық сұрақтар және практикалық тапсырмалар беріліп, жастардың кәсіби даярлығы мен біліктіліктері сынға түседі. Ал ертең жеңімпаздар есімі белгілі болады. Қатарынан озып шыққандар ұлттық құрамаға қабылданып, тамыз айында Бразилияның Сан-Паулу қаласында өтетін жарыста еліміздің намысын қорғамақ.
Қадірбек Бөрібеков, «Кәсіпқор» холдингі» КЕАҚ басқарма төрағасының орынбасары:
– Қазақстан өткен жылы WorldSkills деген дүниежүзілік шеберлік қоғамдастығына мүше болып енді. 70-мүшесіміз. Бұл жүйе спорттағы олимпиадалық қозғалыс сияқты жұмысшы мамандығының арасындағы біліктіліктің деңгейін белгілеу қозғалысы деп аталады.
Источник: http://24.kz/kz/zhanalyktar2/o-am/item/57975-ary-ba-synasty