Атбасарда су тасқынынан тұрғындар көшіріле бастады

0
375

Ақмола облысының аумақтық картасы.

Ақмола облысының Атбасар қаласында көктемгі су тасқынынан тұрғындарды ішінара эвакуациялау басталды деп хабарлайды «Қазақстан жаңалықтары»агенттігі.

Ақмола облыстық төтенше жағдайлар департаментінің ақпаратына қарағанда, 80 адам туыстарына көшіріліп, 16 үйден дүние-мүлік әкетілген. Қазір су басқан ауданда құзырлы органдар қызметкерлері кезекшілік жасап жүр. Құтқарушылар су басқан аймақта орналасқан №1 мектепті қорғау жұмыстарын жасауда.

Атбасарда өткен жылы сәуір айында болған су тасқынынан 350-ден астам үй бүлінген.

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз