Қазақстанның ғарыш саласына жұмсаған $1,5 млрд-ы депутатты ашуландырды

0
440

10 жыл ішінде Қазақстан ғарыш саласындағы жобаларға, соның ішінде ғарыш жүйелеріне $1,5 млрд жұмсады, ал ол ешқандай пайда әкелген жоқ, деп есептейді мәжіліс депутаты Тұрсынбек Өмірзақов.Photo: Қазақстанның ғарыш саласына жұмсаған $1,5 млрд-ы депутатты ашуландырды

Тұрсынбек Өмірзақовтың сөздерін ҚазТАГ агенттігі келтіреді.

«Соңғы 10 жылда Қазақстан (ғарыш саласындағы жобаларға – ҚазТАГ) 1,5 млрд доллар жұмсады, «Бәйтерек», «Ишим», «KazSat-1″ жобалары жабылды, ешқандай пайда әкелмеді ақыры, ал «KazEO Sat-1″-дің бағдарлаумен проблемасы бар. Айтыңызшы, біздің аппараттар шетелдік аналогтарымен салыстырғанда қанша тұрады?» — деді Өмірзақов сәрсенбі күні мәжілістің алқа отырысы барысында ҚР инвестициялар және даму министрлігінің әуе-ғарыш комитетінің төрағасы Талғат Мұсабаевқа жүгініп.

Өз кезегінде Мұсабаев мәжілісменнің хабардарлығын мақтады.

«Жақсы сауал, мен тіпті сізде мұндай мәліметтің қайдан жүргеніне қайран қалып отырмын. Бұл негізінде қызметтік қолданыс үшін, бірақ енді сіз (ақпаратқа – ҚазТАГ) ие болып отырғасын… Біздің аппараттар баға-сапа коэффициенті бойынша, мәселен, бүгіндері кең баспасөзде жарнамаланып кеткен Араб Әмірліктерінің сатып алып жатқандарынан әлдеқайда жақсы. Араб Әмірліктері сатып алғалы отырған бір 0,6 рұқсатнамалық қабілеті бар аппараттың құны 1 млрд долларды құрайды. Біздің тұтас жүйеміз – екі жерсерік және барлық жер бетіндегі инфрақұрылым. Мен сізді мұның нендей жүйе екенін қарауға шақырамын – ол қала, құны 260 млн еуроны құрайды», — деп түсіндірді ол.

Салалық комитет басшысы атап өткендей, қазақстандық жерсеріктер шетелдік түрлерге қарағанда, параметрлер жағынан бірқатар артықшылықтарға ие.

«Егер рұқсатнамалық қабілеттен басқасын алсақ – ол тек кәсіпқойлар пайдаланатын параметрлердің бірі ғана, ал онда шетелдік түрлерге қарағанда біздің жерсеріктер жақсы игерген ондаған параметр бар, оның мән-жайын аз түсінетіндер ұрынып жатады. Әрі олар автомобиль ретінде, шабандоз ретінде сатып алады. Біздің мамандар барлық егжей-тегжейін түбегейлі зерттеп, жасаушы мамандармен бір тілде сөйлеседі. Айтпақшы, бұл келісімге және технологияларды тапсыру туралы келісім-шартқа енгізілді», — деді Т. Мұсабаев.
«Біз жай ғана сатып алушы емеспіз. (…) мен біздің мамандар, қазақстандық, жобалаудың, дайындаудың технологияларын толықтай және сынақ циклын тестілеудің тұтас циклын меңгерсін деген міндет қойдым. Осылайша біз осындай жүйені алдық», — деп қорытындылады ол.

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз