Ресей телехикаясындағы Назарбаевтың фотосына Ақордада түсінік берді

0
460

Елбасының баспасөз хатшысы Дәурен Абаев ресейлік телехикаяда көрсетілген президент отбасының суретіне қатысты түсінік берді деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

«Бұл киноөнімді дайындаған адамдардың анық біліксіздігі. Біз бұл жерде телеарна мен сериалды шығарғандар тарапынан ешқандай қара ниетті көріп тұрған жоқпыз. Кинокомпания бізден кешірім сұраған жоқ және біз де талап етпедік. Бұл деректі БАҚ-тан білдік. Өз басым бұл сериалдарды көрген жоқпын. Иә, менің ойымша, бұл қызметкерлердің немқұрайлылығы. Фильмге қосымша жарнама жасаумен айналыспаймыз», — деді Абаев, тілшінің сұрағына жауап беріп.

Ресей телевизиясының тапсырысы бойынша Украина кинокомпаниясы түсірген «Одинокие сердца» телехикаясы 2013 жылы экранға шықты.

Телехикаяда фильм түсірушілер Назарбаевтың отбасылық суретін өзгертіп, аула сыпырушы тәжік азаматының отбасы ретінде көрсеткен. Назарбаевтың орнына тәжік ақсақалының суретін жапсыра салғанымен, суретте елбасының жұбайы, қыздары мен немерелері бар.

Еске сала кетсек, атышулы суретке қатысты украиналық киногерлер өз тараптарынан қателіктің кеткенін мойындап, кешірім сұрады.

Youtube скриншоты
Youtube скриншоты

Фотоның түпнұсқасы

Ал мынау фотоның түпнұсқасы

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз