Арандату: “Северный казахстан это русская земля”

0
42

UIZWFWl8Y68

Мәжіліс депутаттары ұлтаралық араздықты насихаттайтын кейбір әлеуметтік желілердегі топтарды жабуды ұсынды. Бұл туралы «Қамшы» порталы «Радиоточкаға» сілтеме жасай отырып хабарлайды.

Бүгін ҚР Мәжіліс депутаттары қазақстандық әлеуметтік желілерде ашықтан-ашық ұлтарылық араздықты қоздыратын, провакациялық мақалалар жарияланатын, елдің территориялық тұтастығына нұқсан келтіруді көздейтін, мемлекетарылық және ұлттар арасында жанжал тудыратын материалдары бар топтарға алаңдаушылық білдірді.

Осындай топтардың бірі мектеп оқушылары арасында кең танымал «Вконтакте» әлеуметтік желісінде «Солтүстік Қазақстан – бұл орыстардың жері» атпен жарияланған.

– Мұндай топтарды құрушылардың мақсаты – Қазақстандағы тынышты бұзуға бағытталған. Әдетте, мұндай топтарды мектеп оқушыларының  назарын аударту үшін жасайтын. Алайда, жоғарыдағы атап көрсетілген топта елдегі жағдайға дистабилизация жасау үшін бағытталып отыр.  Қандай жағдай болмасын, құзырлы орган қызметкерлері топты қатаң қадағалауға алып, тиісті адамдар заң алдында жауап беру керек,-деп есептейді депутат Айқын Қоңыров мырза.

Ал мәжілісмен Алмас Тұртаев болса, мұндай қадамға тек білімі таяз адамдар ғана барады деп есептейді екен.

«Бұл анық – провакация. Біздің елде де, көршілес Ресейде де ақыл-парасаты таяз адамдар көп екені рас. Бұған аса бір назар аударудың қажеті шамалы. Ал мұндай провакациялық топтар біздің елдер арасындағы ынтымақты бұза алмайды. Ал құқық қорғау орындары мұндай топтарды бақылауға алып, жабу керек»,-дейді Алмас Тұртаев.

Сондай-ақ, Тәңірберген Бердіоңғаров болса, «құқық қорғау орындары ақпарат таратушы сайттар мен әлеуметтік желілерде  арнайы мониторинг жүргізу керек. Егер ҚР Конституциясы талаптарына сай келмейтін топтар мен желілерді жауып, қатаң қадағалауға алу керек»,деп есептейді.

Ал Серік Оспанов «мен бұндай ұлттар арасында араздықты қоздыратын, мемлекеттің территориялық тұтастығына нұқсан келтіруді мақсат тұтқан топтардың ашықтан-ашық жұмыс жасап жатқанына құзырлы органдағылардың бей-жай қарап отырғанына таң қаламын», дейді. Тіпті, Оспанов мырза құқық қорғау органындағылар бұл істі аяғына шығармайынша мен тікелей қадағалайтын боламын деп уәде берген.

Нұрзат Тоғжан

«Қамшы» сілтейді

 

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз