Ресей отандық жер серігі түсірген суреттерді сатып алуға ниетті

0
812
4
Ресей қазақстандық жер серігі түсірген суреттерді сатып алуға дайын.
Бұл туралы бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінің жалпы отырысында еліміздің ҚР Инвестициялар және даму министрлігіне қарасты Аэроғарыш комитетінің төрағасы Талғат Мұсабаев мәлімдеді. Франциямен бірлесе жасаған KazЕОSat деп аталатын Жерді қашықтықтан зондтайтын екі бірдей жаңа жүйе былтыр іске қосылған болатын. Қазір олар сынақтан өтіп жатыр. Бұл аппараттар еліміздің қорғанысы мен ұлттық қауіпсіздігі, сондай-ақ геодезия және картография үшін жоғары сапалы фототүсірілім жасайды. Ғарыштан әзірленген суреттерді бірқатар шет мемлекет сатып алуға ниетті.
Талғат Мұсабаев, ҚР ИДМ Аэроғарыш комитетінің төрағасы:
– Жерді қашықтықтан зондтауға арналған отандық жүйенің әлемде теңдесі жоқ. Тіпті мұндай жер серігі Ресейде де жасалмаған. Олар ғарыш аппаратын Франциямен бірлесе құрастыруды енді ғана жоспарлап отыр. Есесіне олар ғарыштан түсірілген фотосуреттерді бізден сатып алуға дайын екенін айтты. Басқа елдерден де ұсыныс түсіп жатыр.

Источник: http://24.kz/kz/zhanalyktar2/o-am/item/57995-i-satyp-alu-a-nietti

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз