Ақынның есімін дұрыс жаза алмаған портал “Әдебиет порталы” деп қалайша аталады?!

0
79

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Еліміздің ақпарат кеңістігінде бүгінде көптеген порталдар бар. Олардың дені қоғамға жаңалықтар ұсынатын ірі сайттар боп саналады. Кейінгі жылдары интернет кеңістікте “Әдебиет порталы” пайда болып, барлық қазақ және шетел ақын-жазушыларының туындыларын, олардың өмірбаянын бір арнаға жинастыра бастады. Бастама жақсы болғанмен, жұмыс барысы сәл олқылау секілді көрінеді де тұрады. Порталда жиі қателер кетіп, тіпті масқара жайттар орын алады. Мысалы, фейсбук әлеуметтік парақшасына Арман Сқабылұлының жариялаған посты портал редакциясы үшін өте ұятты жағдай десек артық емес. Қазақтың біртуар ақыны Жұматай Жақыпбаевтың есімін орыс тілінде қате жазғаны тіпті ақылға қонымсыз. Порталдың корректоры, жауапты хатшысы, ең бастысы бәріне жауапты бас редакторы қайда қарап отыр? Қысқасы, біздікі ашығын айту, өз ойларыңыз өздеріңізде, қадірлі оқырман.

qazaquni.kz порталы

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз