Жолы болмаған “жол ережесі”

0
43

 

 

 

 

Бұдан былай жүргізушілер көлігінен полицияның рұқсатынсыз шығуына тыйым салынбауы мүмкін. Мәжілісте депутаттар өздері қабылдаған заң жобасындағы осы норманы қайтадан алып тастауға қаулы қабылдады.

«Жол қозғалысы туралы» заңның орнынан қозғалуы қиынға соғып тұр. Жаңа заң бойынша жаңа жылдан бері жүргізушілерді полиция тоқтатқан жағдайда, көліктен шығуына рұқсат бермейінше, салоннан түспеуі тиіс еді. Алайда, бұл норма қоғамда үлкен дау туғызып, көлік иелері қарсылық білдірген еді. Осыдан кейін мәжілісмендер өздері қабылдаған заң жобасын қайта қарап, жүргізушілердің көліктен шығуына қатысты ережені алып тастауына тура келіп, депутаттар бұл өзгеріске бірауыздан дауыс берді. Енді, сенаторлар қолдаса, норма мүлдем алынып тасталуы мүмкін. Бұл жаңалыққа қуанған жүргізушілер депутаттардан енді күндізгі уақытта көліктің жарық шамын қосып жүруге міндеттеген ережені де жоғалтуды сұрап отыр. Оған қоса, көлік терезелерін тұмшалау мен өте жарық шамдарды пайдалануға тиым салынса деген талаптар да айтылуда. Өйткені көлеңкеленген терезелерден шегінген кезде ештеңе көрінбейді, ал тым жарық шамдар қарсы келе жатқан жүргізушінің көзін қарықтырып, қауіпті жағдай тудыратын көрінеді.

Зейнолла АБАЖАН

Жолы болмаған «жол ережесі»

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз