Алматыда жолдың ортасында жалғыз жүрген бүлдіршіннің ата-анасы табылды

0
398

Алматыда жолдың ортасында жалғыз жүрген бала ата-аналарына қайтарылды деп мәлімдеді «Радиоточка».

Photo: Алматыда жолдың ортасында жалғыз жүрген бүлдіршіннің ата-аналары табылды

«Кішкентайдың ата-аналарын таптым, бәрі дұрыс! Бүлдіршін үйінде! Есімі Дидар», — деп жазды murat 57 есімді Vse.kz форумының пайдаланушысы.

Сонымен қатар, ол баланың және оның ата-анасының фотоларын да желіге салыпты.

Photo: Алматыда жолдың ортасында жалғыз жүрген бүлдіршіннің ата-аналары табылды

Photo: Алматыда жолдың ортасында жалғыз жүрген бүлдіршіннің ата-аналары табылды

Естеріңізге сала кетейік, 4 сәуірде Алматының Байтұрсынов көшесінде кішкентай бала жалғыз өзі көліктер ағылған жолдың ортасында тұрған. Баланың қасында ата-анасы мен жақындарынан ешкім болмады.

«Бұл оқиға Тимирязев көшесінің қиылысында болды. Бүлдіршіннің қасында әкесі де, анасы да жоқ. Кішкентайды полицияға табыстадық. Бүлдіршіннің жағдайы жақсы, тап-таза. Оның көшеде қалай жалғыз қалғаны түсініксіз. Мұндай жағдайды бірінші рет көргендіктен не істерімді білмей, абдырап қалдым. Бірден полицияға хабар беру ойыма келді, бірақ біреу бізге полиция қызметкерін жіберіп үлгеріпті. Ол баланы өздеріне алып, алғыс білдірді де, ата-анасын іздестіретінін айтты», – деп жазды murat 57.

Сол арада баласын іздеп көшеге жүгіріп шыққан анасы болған жайтты түсіндіріп берді.

Жетінші арна журналистері баланың анасымен телефон арқылы хабарласып, бүлдіршін қалайша көше ортасында жалғыз жүргендігін білді.

«Мен өз ұлыммен серуендеуге шықпақшы болдым. Ұлым аяқ-киімімді киіп болғанша менен бұрын шығып кетіпті. Сыртқа жүгіріп шықсам, ұлымды көтеріп алған менің танысым баламның жолдың ортасында жүргендігін айтты. Мен әлі де есеңгіреп жүрмін», — дейді бүлдіршіннің анасы Ақбота Нұрғалиева.

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз