Шахтадан 900 келі алтын ұрланды

0
61
Мексика жерінде орналасқан McEwen Mining Inc. компаниясының кенішінен құны $8,5 млн тұратын алтын қолды болды.
Бұл туралы Синалоа штаты үкіметінің бас хатшысы Херардо Варгас мәлімдеді. Ұрлықты сол шахта жұмысшыларының өздері жасаған деген болжам айтылуда. Шахтадан жалпы салмағы 900 келілік алтын концентраты сыртқа шығарылып әкетілді. Одан шамамен 200 келіге жуық таза бағалы металл алуға болады, деп жазады russian.rt.com.
Варгастың айтуынша, мұнша ауыр салмақтағы алтынды сыртқа бір қатынап алып шығу өте қиын. Ұрлықты шахта жұмысшыларының өзі жақсылап жоспарлап, ұзақ уақыт бойы алтынды тасып кетіп отырған.
Қазіргі уақытта осыған байланысты штат прокуратурасы тергеу бастады.
Дайындаған: Г.Абилова

Источник: http://24.kz/kz/zhanalyktar2/lemde/item/58161-shakhtadan-900-keli-altyn-rlandy

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз