Ақтөбеде жол апатында қаза болғандарды куәгерлер тонаған

0
351

Ақтөбе-Астрахань трассасында жол апатынан қайтыс болғандардың жақындары марқұмдардың ақшалары мен қымбат заттары ұрланғанын мәлімдеді.

Photo: Ақтөбеде жол апатында қаза болғандарды куәгерлер тонаған

Бұл туралы “Диапазонға” сілтеме жасап NUR.KZ хабарлайды.

Тонаушылық орын алғанын жол апатына айыпты деп танылған жүргізушінің туысы байқап, хабар берген.

Әйелдің айтуынша, қайтыс болған әпкелерінен апат куәгерлерінің бірі 1,1 миллион теңге мен қымбат заттар болған сөмкесін ұрлаған.

“Сол күні әпкем маған ақшаны көрсеткен. Ол сол ақшаға Ресейде көлік алуды жоспарлаған еді. Екінші әпкем қан қысымы жоғары болғандықтан маржаннан жасалған емдік білезік тағып жүретін. Барлығы да апаттан кейін жоқ болды. Мен ІІД-ге арыз жаздым. Бұл апат орнында болғандардың ісі”, – деп түсіндірді Жаңылсын Имашева.

Естеріңізге сала кетейік, 6 қаңтарда Ақтөбе-Астрахань трассасынан 19 шақырым жерде “Опель” мен “Тойота” көлігі соқтығысты.

Апат салдарынан 4 адам сол жерде көз жұмған. Одан өзге 6 адам әр-түрлі жарақаттармен облыстық орталық аураханаға жеткізілді. Ішінде 1 жастан енді асқан бүлдіршін де болған.

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз