Отандық өндірістен – сөремізге!

0
31
Сапалы өнімге Ақтөбе өңірінде де сұраныс жоғары. Облысты сүт өнімдерімен қамтып отырған «Айс-плюс» серіктестігі бірнеше жаңа жобаны іске асырды.
Нәтижесінде сапа көрсеткіші жақсарып, өндірістің өрісі кеңейді. Сүт өнімдері заманауи желіде жаңа қаптамамен шығарылып жатыр. Зауытта жылына 7 млн литр сүт өңделеді. «Сапалы өнімді фермадан бастап дүкен сөресіне дейін жеткізу!» «Айс-плюс» сүт өндіруші кәсіпорнының ұстанымы осындай. Зауыттың іске қосылғанына 15 жыл болды. Өткен жылы Ресей нарығына шықты.
Әзірге дайын өнімнің 2%-ы ғана көрші елге жөнелтіледі. Болашақта Ор, Орынбор қалаларындағы сауда желілеріне өнімді делдалсыз жеткізу жоспарланған. Яғни шығын азайып, баға бәсекеге төтеп береді. Зауытта 60-тан астам өнім түрі шығарылады. Батыс аймақтағы ірі сүт зауыты жақында тағы бір желіні іске қосты. Заманауи технологияда сүт өнімдерінің сыртқы қаптамасы жаңартылды. Тұтынушыға ыңғайлы болуы үшін өнім пластикалық бөтелкелерге құйылады. Болгариядан әкелінген желіні алуға 200 млн теңге жұмсалған. Жаңа желі туралы зауыттың бас инженері Қуантай Салықұлы айтып береді.
Қуантай Әбішов, «Айс-плюс» ЖШС бас инженері:
– Зауытты жаңарту жолында бірінші кезекте Болгария елінің «Индекс-6» фирмасынан сағатына 6 мың бөтелке құятын ПЭТ желіні қондырдық. Бұл желіде сыйымдылығы 290 грамнан 900 грамға дейінгі бөтелкеге, сүт, айран, йогурттар және биоөнімдер құйылады. Зауыт қазіргі уақытта 30 тонна сүт өнімдерін шығарады.
– Алдағы уақытта қандай тағы ауқымды жобалар іске асырылмақшы? – Алдағы уақытта қазіргі талапқа сай келетін автоматтандырылған технологиялық желіні алуға әрекет етіп жатырмыз. Осындай жаңартудың арқасында шығарылған өнімнің сапасы артып, тәулігіне шығарылатын сүт өнімдерін 60 тоннаға дейін көтереміз деген ойдамыз.
Кәсіпорынның толық қуаттылығы жылына 9 мың тонна сүт өндіруге жетеді. Өнім көлемін арттыру мақсатында тағы да жаңғырту жұмыстары жүргізіледі. 700 млн теңге жұмсалып, 3 жоба іске асады. Яғни майлылығы жоғары табиғи сүт, балаларға арналған жеңіл йогурттар және диеталық биоөнім шығарылады.
Авторлары: Ақсәуле Байменшина

Источник: http://www.24.kz/kz/zhanalyktar2/otandy-nimdi-satyp-al/item/58188-izge

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз