Ригада қазақстандық отбасын отандастары тұтқында кепілдікте ұстады

0
516

Қылмыстық полиция бас басқармасының қызметкерлері Omega арнайы жасағының сарбаздарымен бірігіп, қазақстандық отбасын тұтқында кепілдікте ұстаған қылмыстық топты залалсыздандырды деп мәлімдеді Delfi.lv.

Photo: Ригада қазақстандық отбасын отандастары тұтқында кепілдікте ұстады

Қылмыскерлер қазақстандық отбасын кепілдікке тұтқынға алған

Бұл туралы NUR.KZ хабарлады.

Алдын-ала мәліметтер бойынша, күдіктілер де Қазақстан азаматтары. Қылмыскерлер отандастарының Алматыдағы әкесінен құны 400 000 долларлық жылжымайтын мүлікті беруін талап етіп, оның отбасын тұтқында кепілдікте ұстаған.

Наурыздың басында мемлекеттік полицияға ұйымдасқан топ ұзақ жылдар Латвияда тұрып келген қазақ отбасын кепілдікке тұтқынға алғандығы туралы ақпар берілді.

Тұтқынға алынғандардың ішінде 8, 6 жастағы екі қыз бала мен олардың әкесі және анасы болған. Полиция алдымен құрбандарды қай пәтерде ұстап отырғандарын анықтауы қажет болды.

Тұтқындарды босату үшін әйелдің әкесінен Алматыдағы 400 000 долларлық мүлкін өзгенің атына аударуды талап еткен. Тұтқындар қылмыскерлермен таныс болмаған.

Полиция көп ұзамай тұтқындарды Дигнаяс көшесіндегі пәтерде (пәтер тұтқындарға тиесілі) күштеп ұстап отырғандарын анықтады. Оларды қылмыскерлердің құрсауынан босату операциясын жүргізу шешімі қаблданды.

Пәтерге полиция басып кіргенде, оның ішінде тұтқындар мен ұйымдасқан қылмыстық топтың екі мүшесі болды: 1985 және 1990 жылғы Қазақстан азаматтары. Күдіктілер сол жерде құрықталып, олардың сыбайластары, 1966 және 1968 жылғы екі қазақ кейінірек тұтқындалды.

Барлық айыптылар қамауға алынып, тергеу амалдары жүргізілуде.

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз