Xiaomi жарты күнде 2 млн астам смартфон сатып, әлемдік рекорд орнатты

0
424
3
Қытайдағы Xiaomi компаниясы бұл рекордтық саудасын өзінің 5 жылдық мерейтойына арнапты.
Құрылғанын күнін шағын фестивальмен атап өткен Xiaomi 12 сағатта 2 миллион 120 мың смартфон сатып, 335 миллион АҚШ долларымен қалтасын қампайтты.
Компания бұл күні мұнан басқа өзі өндірген 38 мың теледидар, 200 мың фитнес жабдығы мен 247 мың ұзартқышты да сатып үлгірген екен.
Қазіргі уақытта ұялы құрылғылар шығарумен де айналысатын бұл корпорация күн өткен сайын тұтынушылар арасында кеңінен танымал болып бара жатыр, деп хабарлады planet-today.ru.
Дайындаған: Г.Абилова

Источник: http://24.kz/kz/zhanalyktar2/lemde/item/58389-xiaomi-zharty-k-nde-2-mln-astam

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз