Исландиядан Колорадо штатын бетке алған Boeing757 кенеттен қолайсыз ауа райына тап келген.
Артынша Icelandair компаниясы ұшағының тұмсығына найзағай соғып тесіліп қалады. Бірақ осыған қарамастан, әуе көлігі діттеген жеріне аман-есен ұшып жетіп қонды. Бір қызығы, алдыңғы бөлігі едәуір зақымдалған ұшақты басқарып отырған пилоттардың қаперіне бұл жайт ешбір кірместен, олар 6 мың шақырым арақашықтықты ұшып өткен. Ұшқыштар мұны АҚШ әуежайына қонып, жерге түскеннен соң ғана бір көріпті, деп хабарлайды Mirror.
Тек әуе көлігінің бортында ұшқан жергілікті тұрғындарға белгілі The Bunny Gang рок-тобының музыканты Натен Максвелл ғана ұшу барысында қатты соққының дыбысы естілгенін айтқан. «Жарқ ете қалған сәулені көргенімде жаным шүберекке түйілді»,-деген екен музыкант.
Дайындаған: Г.Абилова
Источник: http://24.kz/kz/zhanalyktar2/lemde/item/58361-najza-ajdan-t-msy-y-ojyl-an-zholaushylar