Қанат Исламның IBO рейтингіндегі көрсеткіші жоғарылады

0
144

Кәсіпқой бокста қазақ елінің абыройын асқақтатып жүрген отандасымыз Қанат Ислам IBO(халықаралық бокс ұйымы) рейтингінде төрт саты жоғарылады.

IBO жаңарған рейтингінде Қанат Ислам 77-ші орыннан көрінді. Бірінші орта салмақта бақ сынайтын отандасымыз наурыз айының соңында Колумбияда жергілікті боксшы Орландо Хесус Эстраданы жеңіп, «WBA Fedelatin» атағын қорғап қалған болатын. Қазіргі таңда қазақстандық боксшы кәсіпқой рингте 19 кездесу өткізіп үлгерді. Оның 16-сын нокаутпен аяқтаған. Келесі кездесуін АҚШ-та өткізуді жоспарлап отыр. Әзірге жекпе-жектің уақыты мен боксшының кіммен жұдырықтасатыны анықталған жоқ.

Жаңарған IBO рейтингінде Қанат Исламнан өзге қазақстандық боксшылардың нәтижелері көрсетілген. Бейбіт Шүменов бір саты төмендеп, 18-ші орынға тұрақтаса, Иса Ақбербаев 50-ші орнын сақтап қалған. Жеңіл салмақта Жанат Жақиянов бес саты төмендеп, 21-ші орынға сырғыды.

Массагет.kz

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз