Алматы метросының жаңа бекеттері 18 сәуірде ашылады

0
391

Алматы метросындағы екі жаңа бекет 18 сәуір күні ашылады. Бұл туралы 7kun.kz сайты қала әкімінің орынбасары Юрий Ильинге сілтеме жасап мәлімдеді.

Метро в Алматы
Алматы метросы

“Осы жылы сәуірдің 18-де метрополитеннің екі жаңа бекеті ашылады. Бүгінде біз 7 бекетті пайдаланамыз, енді 9 болады. Болашақта метроролитеннің құрылысын жалғастыратын боламыз”, — деп мәлімдеді Ильин қоғамдық көлікті басқару және ретке келтіру бойынша халықаралық конференция кезінде.

Оның сөзінше, орта есеппен күніне 24 мың жолаушы тасымалданады.

“Біздің метрополитеніміздің жаңа бекеттері тұрғын-үй аудандарына барады. Сондықтан біз метрополитен желілерін пайдаланатын жолаушылар тасымалы көбейе түседі деп жоспарлап отырмыз. Шаралар келесі аптаның 18-не белгіленген, олардың бірі Москва бекеті деп аталады”, — деді әкімнің орынбасары.

Оның атап өтуінше, “метрополитен бекеттерін көбейту жалпы транспорт магистралін дамытуға негіз болады”.

“Оған барлық қоғамдық транспорт қосылады, көшедегі қоғамдық транспорттың қозғалыс маршрутының жүйесі де өзгеріске түседі”, — деді ол.

Айта кетейік, Алматы метросының “Москва” және “Сайран” бекеттері 2014 жылдың 1 желтоқсанында ашылуы қажет болғанымен, мерзімі өзгертіліп, кейінгі қалдырылды.

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз