Мароккода Сахара шөлі арқылы 6 күндік жүгіру марафоны өтіп жатыр.
Биыл бұл жарысқа әлемнің түкпір-түкпірінен 1000-ға жуық спортшы қатысуда. Олардың әрқайсысында бір аптаға жететін тамақ бар, ал суды олар жол бойынан алады. Қазір бұл маңдағы температура бағаны түнде 15, күндіз 40 градус ыстыққа дейін жетіп тұр. Бұдан басқа желаяқтар жылан шаққан жағдайда уға қарсы қолдану үшін шприцтармен қамтамасыз етілген. Ал күтпеген басқа жағдайға тап болса, аспанға белгі беру үшін ұшыратын шағын зымырандары тағы бар. Спортшылар барлығы 250 шақырымды жүгіріп өтуі тиіс
Источник: http://24.kz/kz/zhanalyktar2/lemde/item/58354-marokko