Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанды жұмақ мекен деп атады деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Нұрсұлтан Назарбаев
Астанадағы Тәуелсіздік сарайында президенттің қатысуымен жастар форумы өтуде. Форумға 2000-нан астам адам жиналды.
“Қазақстан – көктемі жақсы, жазы ыстық, күзі көркем, қысы аппақ, сүйікті туған жеріміз. Біз үшін Қазақстаннан басқа жер жаннаты жоқ. Ата-бабаларымыз мекен еткен бұл жерде біздер тұрып жатырмыз және ұрпағымыз да паналайтын болады. Біздің қашанда қиындықтармен бетпе-бет өміріміз қызықтарға толы. Қазақстан суық климатты бейтараптандыруға энергиясының қомақты үлесін жұмсайды”, – дейді Назарбаев.
Оның айтуынша, кей тұрғындар “біз неге Батыс Еуропа немесе Араб Әмірлігі сияқты өмір сүрмейміз?” деген сұрақтар қояды екен.
“Бәрі сіздер ойлағандай айқын емес. Біздің экономикамызға әсер ететін қарапайым нақты факторлар бар. Бұл – климат, үлкен қашықтықтар, теңізге шығатын жолдардың болмауы. Қаншама жылдар бойы біз көптеген кедергілерді еңсеріп келеміз. (…) Бізді ерекшелейтін география мен климат. Еліміздегі қатты аяздарды дамыған мемлекеттерден көрмейсіз. Оларда теңізге шығатын жолдар бар”, – дейді мемлекет басшысы.
ҚазАқпараттың хабарлауынша, Назарбаев форумда жастың қуаты – білімі мен білігінде, бірлігінде және отансүйгіштігінде болатындығын қадап айтты.
“Бүгінгі форумның мақсаты – жаңа жаһандық жағдайда елімізді дамыта түсу үшін жастардың жігері мен қуатын қалай пайдалану керектігін талқылау. Сендер жаңа Қазақстанның алғашқы буынысыздар, 1991 жылдың 16 желтоқсанында біз Қазақстанды Тәуелсіз ел деп жарияладық. Содан бері биылғы желтоқсанда Тәуелсіздігімізге 24 жыл болады. Осында отырған көпшіліктеріңіз Тәуелсіздік алғаннан кейін тудыңыздар. Сіздер бақытты жастарсыздар, Тәуелсіз елдің жастарысыздар. Бұндай бақыт біздің буынның басына келген жоқ”, – деді Президент.
Қазақстан халқы бірігіп, мемлекетті ауқатты, танымал еткенін елбасы форумда мақатана айтты.
“Біз бабалардан мирас болған Атамекенімізді Тәуелсіз ел еттік. Тұрмысы шалқып, түтіні түзу шыққан ақуатты мемлекетке айналдырып, барлық дүниежүзіне еліміздің бар екенін білдірдік. Қазақтың бар екенін білдірдік”, – деді Назарбаев форумда.
Дереккөз: NUR.KZ