СҚО-да ауылшаруашылығы тауарларын қайта өңдейтін 12 жоба іске асырылмақ

0
522
5
Солтүстік Қазақстан облысында биыл ауылшаруашылығы тауарларын қайта өңдейтін 12 жоба жүзеге асады.
Олардың жалпы құны 2 миллиард теңге шамасында болмақ. Бастысы, осы кәсіпорындардың басым бөлігі ауылдық жерлерде орналасады. Бұл алдағы уақытта елді мекендерде жаңа жұмыс орындары ашылады деген сөз. Қазір теріскейде осындай 154 кәсіпорын жұмыс істеп тұр. Қызылжарда жасалатын экологиялық таза әрі сапалы өнім Қазақстаннан бөлек көршілес Ресейге де экспортталады.
Алтынбек Абдуллаев, облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары:
– Үшеуі сүт өңдеу, бесеуі ет өңдеу, төртеуі ұн үгу комбинаттары. Соның ішінде ең ірі сүт өңдеу комбинаттарын айтатын болсақ, Мағжан Жұмабаев ауданында «Пальчик», Ғабит Мүсіреповте «Викос», Тайынша ауданында «Арбат-Ас» деген үлкен мекемелер ашылайын деп жатыр. Ойлағанымыз биыл іске асар болса, онда 300-ге жуық жұмыс орны ашылатын болады.

Источник: http://24.kz/kz/zhanalyktar2/otandy-nimdi-satyp-al/item/58415-asyrylma

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз