Ғарышты коммерциялау арқылы бәсекелестікті арттыруға болады

0
340
7
Қазақстан, Ресей, Беларусь мемлекеттерінің бірлескен ғарыштық бағдарламасы 3 елдің ұлттық ғарыш жобаларын коммерциялай алады. Беларусь Ұлттық Ғылым Академиясы аппаратының басшысы, академик Петр Витязь осылай дейді. Қазіргі нарықта ғарыш қызметінің түрлері көп. Олар телехабар, байланыс, орбитаға объект жеткізу, ғылыми зерттеу, жерді қашықтықтан зондтау деп кете береді. Петр Витязьдің айтуынша, ғарышты коммерциялау арқылы бәсекелестікті арттыруға болады. Сондай бәсекелестіктің нәтижесі нарықтағы зымырандық-ғарыштық қызмет көрсету саласында байқалып отыр. Қазір Минскіде 1 метрден асатын нысанды түсіруге қауқарлы жаңа спутник жасалып жатыр. Өйткені әуе-ғарыштық қызмет көрсететін халықаралық тапсырыс берушілерге түрлі спутниктер керек. Сондықтан үш елдің ортақ спутниктік топ құру бастамасы халықаралық тендерлердің санын арттыруға мүмкіндік береді. Петр Витязь, Беларусь ҰҒА аппаратының басшысы: – Топ құру арқылы әлемдік нарықта тендерді көбірек жеңіп алуға болады. Өйткені қазір тапсырыс берушілердің қалауы алуан түрлі. Біз біріксек, олардың тапсырыстарын қанағаттандыру оңайға түсер еді. Бүгінде өз алдыңа жеке жұмыс істеу қиын. Топта технология қаншалықты көп болса, жұмыстың сапасы да артпақ. Мониторинг жүргізіп, ақпарат алып отырасың.

Источник: http://24.kz/kz/zhanalyktar2/lemde/item/58418-kommertsiyalau

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз