Қазақстанда Ұлттық біріңғай тестілеуге талаптар күшейтіледі

0
449

Ұлттық бірыңғай тест тапсыру талаптары биылғы жылы күшейе түседі. Ұялы телефон немесе шпаргалкамен ұсталғандар бірден тестен қуылып, емтиханды тек бір жыл өткеннен кейін тапсыра алатын болады.

Photo: Қазақстанда Ұлттық біріңғай тестілеуге талаптар күшейтіледі

Бұл туралы YK-news.kz тілшісіне ШҚО-дағы қабылдау комиссиясының жауапты хатшысы, Шығыс Қазақстан мемлекеттік университеті маркетинг және жоғарғы оқу орнына дайындық орталығының басшысы Людмила Гейцман хабарлады.

Мұндай қатаң шаралар қолдануға тестілеу кезінде тым көп тәртіп бұзушылықтың орын алуы себеп болған.

Негізінен, Ұлттық тестілеуде шпаргалка қолданғандарды шығарып жіберу нормативтік тәртіпте бұрыннан бар. Алайда бұл шара айтарлықтай тоқтау болмады. Өткен жылдың өзінде ҰБТ-да республика бойынша 27 мыңнан астам шпаргалка және ұялы телефондар тәркіленді. Бұл сол кездегі 80 000 қатысушыдан шыққан тәртіп бұзушылық. Яғни, әрбір үшінші қатысушы шпаргалкамен ұсталды деген сөз. Бұл көрсеткіштерге қарамастан, Өскеменде 2014 жылы бірде-бір тәртіп бұзушы тестілеуден шығарылмады.

“Білім және ғылым министрлігін бұл жағдай алаңдаттырып отыр. Біз талаптардың күшейтілуін күтудеміз. Егер әрбір қатысушы ұялы телефонды пайдаланғаны үшін ҰБТ-дан шығарылатынын білсе, тәуекелге бармас еді”, – дейді Людмила Гейцман.

Бұл Білім және ғылым министрлігі тарапынан қолданылған алғашқы қатаң шара емес. ҰБТ-да ұялы байланысты сөндіргіш құралдар мен металл іздегіштер пайдаланылып келе жатқанына бірнеше жыл болды.

Ал осы жылда республикалық БАҚ-тың мәлімдеуінше, барлық тест тапсыру мекемелерінде аталмыш құрылғылардың ақаусыз жұмыс жасауын қадағалайтын техникалық қызметкер жалданады.

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз