Шетелден көлік сатып алған қазақстандақтар Қазақстан автозауыттарының жабылуына ықпал етеді деп есептейді президент Нұрсұлтан Назарбаев.
Бұл туралы Қазақстан жаңалықтары “Елбасымен бірге – жаңа жеңістерге!” жастар форумында президенттің айтқанын хабарлайды.
“Тауар арзан болған сайын бәсекеге қабілетті. Сондықтан Жапония, АҚШ, ЕО бәсекелестерден өз ішкі нарықтарын қызғыштай қорғайды. Егер өнеркәсіп дамымаса, ішкі нарықты шетелдік компаниялар басып алады. Бәсекелестерге жол береміз, олар жаулап алады. Жалпы, қалыпты жағдай. Халық үшін бұл жаман емес”, – деді Назарбаев
Президент ол жерледе қазақстандықтардың да жұмыс істейтінін сол жержен еңбекақы алатынын атап өтті.
“Қазақстандықтардың ондаған мың арзан көлікті сатып алғаны олардың байығаны. Тауарлар арзан әрі сапалы болып келіп тұр. Бірақ қазақстандықтар басқа бір нәрсені түсінбейді, бұл жағдайда олар сатып алды, қазір жақсы екені анық. Алайда, олар біздің автомобиль, азық-түлік кәсіпорындарын жабылуға алып келеді өздері, онда осы қазақстандықтар жұмыс істейді. Еңбекақыны сонан алады. Егерсол зауыттар жұмысын тоқтатса, олар сол еңбекақыларынан айырылады, тіпті арзан азық-түлік сатып та ала алмайды. Міне екінші жағы осындай. Таяқтың екі жағы деген осы”, – деп атап өтті президент.
Дереккөз: ИА «Новости-Казахстан»