Жапонияда 100-ден астам дельфин өздігінен жағаға шығып қалды

0
113
Жапонияның Хокота қаласында 130 дельфин өздігінен жағаға шығып қалды.
Су жануарлары қазір 10 шақырымдық аумақты алып, жағалай сұлап жатыр. Мамандар сүтқоректілердің мұндай жағдайға не себептен барғанын түсіндіре алмауда. Десе де дельфиндердің өз бетінше судан қашып, құрғаққа ұмтылып, өлім құшуы әлемнің әр түкпірінде жиі кездесетін жұмбақ оқиғаға айналған. Адамдар жануарлардың денесіне су құйып, күннен қалқалап, теңізге қайта жіберу үшін барын салған. Алайда суға жіберілген жануарлар жағаға қайта ұмтылып жатыр.

Источник: http://24.kz/kz/zhanalyktar2/lemde/item/58463-p-aldy

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз