Израиль фермерлері үкіметтен реформа өткізуді талап етеді

0
452
2
Жаһандық дағдарыс салдарынан Израиль фермерлері банкротқа ұшырауға қауіптеніп отыр.
Жуырда шаруалар премьер-министр Беньямин Нетаньяхуға елдің ауылшаруашылық саласына қолдау көрсетуін өтініп, арнайы хат жіберді. Рони Барнес 50 жылдан астам уақыт бойы мына жерді өңдеп, шабдалы, манго, анар ағашын өсіреді. Сүйікті ісімен айналысу еш уақытта да қиын болмайтын, – дейді ол. Алайда қазір жағдай қиындады. Рубль мен еуроның арзандауынан тауар сыртқа шығарылмай қалды. Тек, ұсақ-түйек сауда ғана құтқаратын болды. Мысалы жуырда Қазақстандағы серіктестермен келісім жасасты. Бірнеше аптадан кейін мына жемістер елімізге де жететін болады.
Рони Барнес, шаруа:
– Израильден басқа әлемдегі барлық елде үкімет ауылшаруашылық саласына көмек береді. Егер үкімет елдің жеміс-жидекпен 100% толық қамтамасыз етілуін қаласа өз жәрдемін беруі керек. Билік салық көлемін өзі белгілейді, тіпті жерге, жұмысшыларға да қанша төлеу керек екенін айтады. Көкейтесті мәселеге қалайша көңіл аудармайтынын түсінбеймін. Бұл дұрыс емес.
Фермерлер Үкіметтен реформа өткізуді талап етеді. Шаруалар агросектор саласындағы бастапқы қиындықтарды жою үшін жоспарын да жасап қойған.
Моше Киршнер, Израильдің ауылшаруашылық өндірушілер бірлестігінің төрағасы:
– Мемлекет шаруақожалықтары үшін су ақысын арзандату керек. Жұмысшылар үшін төлейтін салықтан босатуы тиіс. Қазір салық жалақы мөлшерінен 10%-ды құрайды. Ал жұмысшылар болса, өз алдымен кіріс салығын төлейді. Жер салығын да өзгерту керек. Сонымен қатар жеңілдетілген несие беруді сұраймыз. Мемлекет бізге қол ұшын бермесе, мүлдем азық-түліксіз қалуымыз мүмкін.
Ауылшаруашылық министрлігінде бұл ұсыныстар назардан тыс қалмай қарастырылатын болды. Парламенттік сайлаудан кейін жаңа үкімет әлі де құралмағандықтан, бұл мәселенің шешілуі біраз уақытты талап етеді.
Авторлары: Арайлым Жақсылыққызы, Динара Бектурова, Григорий Бадо

Источник: http://www.24.kz/kz/zhanalyktar2/lemde/item/58600-etedi

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз