Назарбаев Университетінің болашақ түлектері үшін бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтуде

0
656
4
Бүгін Назарбаев Университетінің болашақ түлектері үшін бос жұмыс орындары жәрмеңкесі ұйымдастырылды.
Білім ордасын биыл 500-ден астам студент тәмамдамақшы. Ізденіспен өткен төрт жыл ішінде олар білікті маман ретінде қалыптасып, шетелдік компаниялардың қызығушылығын тудыруда.
Әйтсе де, университеттің алғашқы қарлығаштарының 60%-ы Қазақстанда қалғысы келеді, тағы біразы оқуын одан әрі жалғастыруға ниетті. Мұндай жағымды ақпаратпен жәрмеңке ортасынан сөз сөйлеген Назарбаев Университетінің басшысы Шигео Катсу бөлісті. Айтулы жәрмеңке білім ордасында осымен үшінші рет өткізіліп отыр. Бұған дейінгі кездесулер нәтижесінде, 760 студент әлемге танымал алпауыт компанияларда тағылымдамадан өтіп, көпшілігі жұмысқа шақырту алған. Ал бүгінгі жиынға 64 компания қатысып отыр.
Шигео Катсу, «Назарбаев университет» АҚ Президенті:
– Мен отандық және шетелдік компаниялардың тарапынан біздің түлектерге деген қызығушылықтың артқанына ризамын. Бүгін студенттеріміз үшін еңбек нарығында өз орындарын айқындап алуға мол мүмкіндік туды. Алғашқы қарлығаштарымыздың барлығы да лайықты жұмыс табатынына сенімдімін.

Источник: http://24.kz/kz/zhanalyktar2/o-am/item/58596-tude

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз