Жапонияның Nikkei қор индексі 15 жылғы рекордты жаңартты

0
93
Жапониялық Nikkei 15 жылдан бергі рекордын жаңартты.
Таңғы сессияда олар 20 мыңдық көрсеткішке қол жеткізді. Жапонияның қор индексі елдегі жетекші компаниялар акцияларының бағамына қарай есептеледі. Бұл жетістік Жапон экономикасын қалпына келтіруде инвесторларға сеп болмақ. Қор индексіндегі өсімге үкімет екі жылдан бері жасап келе жатқан шаралар арқасында қол жеткізіп отыр. Естеріңізге сала кетейік Nikkei ең жоғары көрсеткішті бұдан 26 жыл бұрын еңсеріп,акциялар индексі 38 мыңдық межеге жеткен еді. Ал ең төменгі көрсеткіш 2008 жылы тіркеліп, әлемдік қаржы дағдарысының әсерінениндекс 7 мыңға дейін төмендеген болатын. Бұл жолғы жоғары нәтиже тарихи сәт деп саналады. Себебі 20 мыңдық меже соңғы 15 жылдан бері бірінші рет қайталанып отыр.
Таро Асо, Жапония қаржы министрі:
– Экономика халықтың пікірімен байланысты. Сайлаушылар мен инвесторлардың және барлық азаматтардың бойында сенімділік пайда болды, әйтпесе акциялар бағамы бүгінгідей өспес еді.

Источник: http://24.kz/kz/zhanalyktar2/lemde/item/58584-zha-artty

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз