Қадірменді қазақия жақсылары, талай тарихты төтесінен басып тебіндеп алда келеміз. Тағылымымыз ұзағынан болғай. Төрткүл дүниенің таңдайын қақтырып, жұмыр жер үстіндегі барша қарашаның назарын өзімізге аударудамыз. Кейбірі тістеніп көздерін қадап отырса, бірі таңдайын қағып қызғанышпен иегін сипауда. қазақта «Көз тию, сөз тию деген барма еді?қалай еді?» Мәселе сонда жатыр. Ендігі шабытымды EXPO-2017 бұрайын. Сан мыңдаған шалғайдан елімізге « ой мынау қасиетті халық екен ау», «діңгегі мықты қазақ екен ау» деген шын ниетімен келеді деймісің. Сырт көз сыншы келетінін әріден бағамдаған халық емес пе едік. Артық қылам деп, тыртық қылмасақ игі еді. Көгілдір экранға қарасам қазақстанға келгіштеп кеткен шетелдіктер қаптап кетіпті. Жүз жерден шайнарға нан таппай жүргенде жаныңнан табылмаған мұндай «жолдастарға» пішту. Лайым Елбасымызға қайрат бере көр дейміз. Халықтың қамын күйттеп отырған Нұраға есен болсын. Әгәрәкім бұқара арасында жағымпаздық пен дұға тілекті дұрыс пайымдар адам болса. Заман солай болды-ау. Асылында мен «Отанын, отағасын сүю-иманнан»дейтін бір мұсылманның ұрпағымын. Бүгінгінің зиялысы Нұрсұлтан Назарбаев. Қазақ елі үшін бірінші сұраққа тартылатын да сол кісі, мен тек біреудің жасаған кінәсі үшін кірбеңдеп ертеңгі күні сәулесіне көлеңке түсірмесе екен деп қаламымды ұштап отырғандағым. «Қазақстан–2050» стратегиясы бойынша қазақ жерінің барлық аймақтарында қара жол(асфальт)төселсін деген жарлық шыққан болатын, естеріңізде бар болса.
Естігендері, елдеріне кілемдерін төсеп алды. Ал Ақмола облысы Ерейментау ауданына сол жарлық эфирден көрсетілгенде жарық өшіп қалдыма екен, әлде басшылыққа жеткізер пенде болмады ма екен, байыбына бара алмай-ақ қойғаным. Тегіннен тегін тілге тиек етіп отырғаным емес, «Не бай жейді, не жарлы жейтін заман болды… Өйткені қазақстан сондай кезеңде тұр қазір»(М. Қабанбай) деген заман өтті емеспе?Адамның денесін қатты май басса да ауруға ұшырайды емес пе. Ырымын жасап 4 жылда 1030метр кілем төсеп бергені тағы бар. Бұл көрпеңді былай тартсаң аяғың шығады, былай тартсаң басың тоңбақ. Әупірімдеп жүріп Ерейментау қаласынан 12 шақырым жердегі «Тайбай»ауылына 4 жыл еңбектеп жүріп жетті-ау. Ал сол қаладан 80 шақырым «Күншалған аулына(бұрынғы атауы Ленинский)»жол жөндеу жұмыскерлер келу үшін(шамамен санап көрдік) 25 жылдай күтуіміз керек екен. Қисайған әріптеріммен, біреудің шымбайына тию, я болмаса қиқар сөйлеп іш босату емес мақсатым. Бар болғаны шөбі шүйгін, тұлпар тұяғына мүжілген тау тасы бар, суы сылдырлаған шырайлы өлке жазды күні келсең курорттық зона десем артығым емес. Жаңа кәсіпкерлерге мал шаруашылығымен айналысуға нағыз қолайлы мекен. Солтүстік Қазақстан мен Орталық қазақстанның қақ ортасынан орын тепкен бұл ауылдық округі табылған қазына сынды. Елордадан шалғайда емес, Қарағанды қаласына да түкірім жерде орналасқан. Бір жаныңды айғайлататын жайт қарапайым қаншама қараша көктем шыға қаратер болып егін егуге жұмысқа кіріседі. Өлдім-талдым деп ұлан-қайыр қара жерді қопарып бітіреді-ау тұқым сеуіп. Ал енді күйдіретіні сол жолдың кесапатынан күзде астығымыздың тең жартысын ысырап қылдырып жинап ала алмай қалады. Шіркін-ай қазағымның тең жартысын нанмен қамтамасыз ететіндей бар-ау. Бағзыда бұл күнге зар едік қой. Бір қазақтың еңбегін бар қазақ ортақтасса игі еді. Қазақтан қазақ қызғанар күнді аулақ қылсын. Иә, бұл мен аунап өскен туған жерім, ал анамның құрсағындай қымбат өлкем бұл қазағым. Мақаламның негізі ауыл ақсақалдарының құлағыма сыбырлап айтқан ақылынан түйген ойым болатын. Енді міне барша қазаққа жар салған кейпім. Ал қарт айтса қалт айтпайды. Ерейментау шынымен-ақ киелісің ау….
Қабылтайұлы Уатхан