АҚШ-та шағын моторлы ұшақ апатынан бір адам қаза тапты

0
452
5
АҚШ-та шағын моторлы ұшақ апаты салдарынан әуе кемесін тізгіндеген ұшқыш мерт болды.
Апат Висконсин штатындағы Игл-Поинт қаласының маңында болған. Тәртіп сақшыларының мәліметіне сүйенсек, ұшақ аспанға әуелеп, бұрылыс жасап, төмен қарай құлдилаған. Оқиға орнына өрт сөндіру қызметі жетіп, өртті ауыздықтағанымен, ұшқыштың өмірін ажалдан арашалай алмады.
Бұл туралы Leader Telegram мәлімдеді.
Бүгінде оқиғаның себеп-салдары анықталуда.
Дайындаған: А.Жетпісбаева

Источник: http://www.24.kz/kz/zhanalyktar2/lemde/item/58671-adam-aza-tapty

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз