Хиллари Клинтон АҚШ президенті болуға әбден лайық. Бұл туралы Ақ үй басшысы Барак Обама мәлімдеді. Осылайша ол бұрынғы бірінші ледиге қолдау танытты. Қолда бар мәліметке сенсек, Хиллари Клинтон бүгін ресми түрде президенттік сайлауға қатысатыны туралы мәлімдеуі керек. Сарапшылардың пікірінше, ол Демократиялық партия атынан додаға түсер үміткерлердің арасындағы іліп алар жалғыз тұлға болмақ. Ал аталған партияға бақталас Республикалықтардың атынан бүгінде 2 үміткер өзінің кандидатурасын ұсынып та үлгерді. Олар: сенатор Тэд Круз бен Рэнд Пол. Айта кетейік, АҚШ-тағы кезекті президенттік сайлау 2016 жылдың 8 қарашасына жоспарланып отыр.
Источник: http://24.kz/kz/zhanalyktar2/lemde/item/58687-y-bolu-a-lajy