Жамбыл облысында Орталық Азиядағы ең ірі күн электр станциясы іске қосылады

0
432

Биылғы жылдың мамыр айында Жамбыл облысының Жуалы ауданында Орталық Азиядағы ірі күн электр станциясы іске қосылады, деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі. Photo: Жамбыл облысында Орталық Азиядағы ең ірі күн электр станциясы іске қосылады

Баламалы энергия көздерін пайдаланатын бұл нысан Орталық Азиядағы қуаттылығы 50 мегаватт болатын алғашқы күн электр станциясы.

Құрылыс жұмыстарына Еуропадан мамандар тартылып, “Samruk Kazyna — United Green” бірлескен кәсіпорны да құрылған. Мұнда 192 мың энергия өндіретін күн панельдері қолданылады.

Жобаның жалпы құны – 23,5 миллиард теңге, бүгінде нысанда 250 адам тұрақты жұмыспен қамтылған. Сонымен бірге, британиялық инвестор “United Green” компаниясы жыл соңына дейін станцияның қуатын 100 мегаваттқа дейін арттыруды жоспарлап отыр. Бұл өз кезегінде 30 000 үйді жарықпен қамтамасыз етуге жеткілікті.

Қазіргі уақытта Жамбыл облысы баламалы энергия көздерін дамытуда және оны пайдалануда республика бойынша алдыңғы орында. Аймақта осы салада 12 инвестициялық жоба әзірленіп жатыр.

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз