Назарбаев кәсіпкерлерге жеңістегі “қарапайым логиканы” айтты

0
439

Бизнесте тек жеңе алатындар ғана чемпион болады, деп санайды Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев.

Photo: Назарбаев кәсіпкерлерге жеңістегі "қарапайым логиканы" айтты

“Экспорт – ең маңыздысы. Бұл қымбат жоба. Ол үлкен мемлекеттік, жеке инвестицияны талап етеді. Сапалы тауарды тек тұрақты өндірісі бар заманауи кәсіпорындар ғана шығара алады. Экспорт – экономиканың жоғар лигасы. Мемлекеттің, кәсіпорынның мүмкіндігі тексеріледі. ЕАЭО біздің өндірушілер үшін экономикалық кірістен басқа, ДСҰ аясындағы әлемдік жарысқа іріктеу кезеңі болып табылады”, – деді Назарбаев жұма күнгі “Ұлт көшбасшысымен бірге – жаңа жеңістерге” атты жастар форумы барысында.

Оның айтуынша, “егер кейбір кәсіпорындар ішкі нарықта қалыпты жұмыс жасай алмаса, онда үлкен халықаралық алаңда да ештеңе шығара алмайды”.

“Әлсіз ойыншыларды медальдар алу үшін Олимпиадаға жібермейді, солай ма?! Мен Илья Ильинге айтамын, сен әрине мықтысың, үнемі жаттығып жүресің, жарайсың, бірақ босаңсуға болмайды! Босаңсып кеткенде не болатынын менің қызметтестерім жақсы біледі. Ал бизнесте тек жеңе білетіндер ғана чемпион болады. Осы қарапайым логиканы біздің жас кәсіпкерлер бойларына сіңіріп алулары керек”, – деді мемлекет басшысы.

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз