Астанада жоғалған «Қазатомөнеркәсіп» қызметкерінің денесін жұбайы тапты. Әмірбек Молдабеков өткен жылдың қараша айынан бастап іздеуде болған еді. Оның өлі денесі Астана қаласындағы құдықтардың бірінен табылды. Жұбайы Күләнда оның жоғалуына байланысты қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады. Қазіргі уақытта осы іс бойынша оны сол түні жеткізіп салған такси жүргізушісі күдікті деп танылды.
Источник: http://24.kz/kz/zhanalyktar2/o-i-a/item/58716-tabyldy