Үрімшіде «тозақ қақпасы» пайда болды

0
455
7
Көршілес Қытайдағы Үрімші қаласының іргесінде жалын атқан ойық жер пайда болды. Тау етегіндегі таңғажайып құбылысты тамашалауға жан-жақтан адамдар ағылуда. Шұңқырдың жанына барып жақындау мүмкін емес. Жер астынан жалындап шыққан оттың температурасы 800 градусқа жуық. Оны жергілікті блогерлер «тозақ қақпасы» деп атапты. Ал ғалымдар тау етегіндегі саңылауды толық зерттей алмай, оның қаншалықты терең екенін анықтай алар емес. Геологиялық бюро мамандарының пайымдауынша, бұл – көмір қыртыстарының жалындауынан пайда болған құбылыс. Өйткені өңірде белсенді жанартау жоқ. Чен Лонг, өрт сөндіру бөлімінің директоры – Көктем мен күз мезгілі басталғанда бұл аймақ ылғи түтіндеп жатады. Бірақ ешқашан ешбір жер ойылып, тесілген емес. Көмір кен орындары мұнда 70-ші жылдары жұмыс істеген болатын. Бірақ өнім өндіру технологиясының нашар болуынан шахталарда жиі өрт шығатын. Кейін көп ұзамай олар жабылып қалды.

Источник: http://24.kz/kz/zhanalyktar2/lemde/item/58612-boldy

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз